MiniMed Paradigm® Veo™ жүйесі
Диабетті емдеудегі жаңа дәуір

Paradigm® VeoTM жүйесі Сізге және Сіздің жанұяңызға бостандық береді, оған Сіз лайықсыз, және диабет емдеуді жаңа деңгейге шығарады.

MiniLinkTM трансмиттерімен және глюкоза сенсорымен үйлесе отырып, помпа Сізге тәулік бойы глюкоза деңгейін тұрақты сақтауға белсене көмектесетін болады, демек Сіз өмірден толық ләззат ала аласыз.

none
Бірегей инсулин помпасы

Сонымен, Veo бірегейлігі неде? Алдымен помпа:

  • Тәулік бойы глюкозаны бақылап, деңгейін жазып отыратын болады
  • Үрдістерді айқындауға және Сіздің өмір салтыңызға/емделуіңізге қажетті түзетулер енгізуге рұқсат береді
  • Глюкозаның деңгейі белгіленген мақсатты мөлшердің аясынан шыққан кезде, Сізге ескерту жасайды


Әлем тарихында бірінші рет Paradigm Veo помпасы құрамындағы глюкоза өте төмен болғанда инсулиннің берілісін автоматты түрде тоқтататын, глюкозаның төмен деңгейінде инсулиннің берілуін тоқтататын кірістірілген механизммен жабдықталған.

Осылайша, помпа ауыр гипогликемия тәуекелін төмендетеді.