Guardian® REAL-Time глюкоза деңгейін тұрақты бақылау жүйесін ұсынамыз.

Глюкоза деңгейін тұрақты, 24 сағаттық бақылау үшін жетекші құрылғы бола отырып, Guardian REAL-Time жүйесі түсінудің, сенімділіктің және бостандықтың жаңа деңгейін қамтамасыз етеді.

 

  • Нәтижелерді тұрақты көрсету сізге глюкозаның ағымдағы деңгейі туралы әрдайым хабардар болуға рұқсат береді
  • Дабыл сигналдарының 3 деңгейі сізге қосымша тыныштық пен сенімділік береді
  • Тек глюкометр көрсеткіштерін ғана пайдаланумен салыстырғанда глюкоза деңгейінің қауіпті жоғарылауын немесе төмендеуін тереңірек түсінуге рұқсат береді
  • Ыңғайлы және ықшамды дизайн
  • Диабетті бақылаудағы мінсіз серіктес
Тұрақты көрсету

Нәтижелерді тұрақты көрсету сізге тәулігіне 24 сағат қосымша түсіністік пен сенімділік береді. Өзгерістердің графиктері, өзгерістер бағытының мегзерлері және глюкоза деңгейін өлшеу нәтижелері сізге тамақ ішудің, физикалық жүктеудің және дәрілік препараттардың сіздегі глюкоза деңгейіне әсерін жақсы түсінуге көмектеседі. Өзгерістердің графиктері, өзгерістер бағытының мегзерлері және глюкоза деңгейін өлшеу нәтижелері сізге сіздегі глюкоза деңгейіне ас қабылдаудың, физикалық жүктеудің және дәрілік препараттардың әсерін жақсы түсінуге көмектеседі, бұл сізге диабетті жақсы бақылап үйренуге рұқсат етеді.

Қосымша сенімді болу үшін ескертулердің 3 деңгейі.

Guardian REAL-Time жүйесі сіз өзіңіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес баптай алатын 3 әртүрлі дабыл сигналдарымен ескертулердің 3 деңгейін қамтамасыз етеді.

Сіз гипогликемияның жақындағандығы туралы немесе гипогликемия туралы қосымша ескертулер алу үшін дабыл сигналдарының тек біреуін немесе барлығын пайдалана аласыз 1:

  • Болжамдаушы дабыл сигналдарын глюкоза деңгейінің белгіленген шектеріне дейін 5, 10, 15, 20, 25 немесе 30 минут қалғанда ескертуге баптауға болады.
  • Глюкоза деңгейінің өзгеру жылдамдығы туралы дабыл сигналдары сізге глюкоза деңгейінің өзгергендігін хабарлайды.
  • Сіз глюкоза деңгейінің белгіленген шекарасына жеткенде дабыл сигналдары төмен немесе жоғары деңгей туралы сізге хабарлайды.
Глюкометрмен өлшеу қамтамасыз ете алмайтын түсіністік

Глюкоза деңгейін глюкометрмен өлшеу белгілі бір уақыт сәтінде глюкоза деңгейін анықтауға рұқсат береді. Өлшеулер арасындағы кезеңде туындаған глюкоза деңгейінің жоғарылауын немесе төмендеуін өткізіп алу оңай, ал гипогликемияның 60% -ы глюкометрмен өлшеу кезінде мүлдем байқалмай қалуы мүмкін.

Guardian REAL-Time жүйесімен сіз өзіңіздегі глюкоза деңгейін, оның қай жаққа қарай және қаншалықты жылдам өзгергендігін әрдайым білесіз. Глюкоза деңгейінің белгіленген шекараларына жақындаған кезде сіз тиісті әрекетті қабылдау қажеттілігі туралы ескерту аласыз.

Глюкометрмен өлшеу болжам береді - Guardian REAL-Time жүйесі сізге барлық тарихты ашады

Сіз глюкозаның деңгейін тұрақты, тәулігіне 24 сағат бақылаған кезде, сіз глюкоза деңгейін тек глюкометрмен өлшеумен салыстырғанда елеулі түрде көбірек пайдалы ақпарат аласыз.
Бұл Guardian REAL-Time глюкоза деңгейін тұрақты бақылау жүйесінің үлкен артықшылығы.

Глюкозаның деңгейін тұрақты бақылау глюкозаның деңгейін тек глюкометрмен 1 өлшеумен салыстырғанда қауіпті гипер- және гипогликемияны 4 есе көбірек айқындауға, сонымен қатар тек глюкометрмен 1, 2, 3, 4, 5 өлшеумен салыстырғанда А1С деңгейін елеулі түрде төмендетуге рұқсат береді. Сіз сонымен қатар глюкоза деңгейінің өзгеру жылдамдығы және бағыты туралы ақпарат алатындықтан, сіз глюкометрмен өлшеу кезінде сіздің жай ғана байқамай қалуыңыз мүмкін ықтимал проблемаларды және үрдістерді айқындай аласыз  2, 3, 4, 5.

Қолайлы және ықшамды

Guardian REAL-Time жүйесі сіз қайда барсаңыз да, қаншалықты белсенді өмір салтын жүргізетіңізге тәуелсіз сізбен бірге жүре алады. Монитор шағын, ыңғайлы, оны белдікте, қалтада,  киім астында алып жүру оңай. Глюкозаның кішкентай сенсоры байқалмайды, оңай және іс жүзінде ауыртпай енгізіледі. Ол сымсыз технологиялардың көмегімен глюкозаның деңгейі туралы деректерді мониторға жіберетін MiniLink REAL-Time шағын (шамамен екі пенс монета өлшемінде) таратышына тікелей қосылады. MiniLink REAL-Time таратқышы және қосылған күйдегі глюкоза сенсоры су өткізбейді, бұл сізге душ, ванна қабылдауға, сонымен қатар басқа да су процедураларын атқаруға рұқсат береді.

Диабетті бақылаудағы сіздің серіктесіңіз

Guardian REAL-Time жүйесі сіз үшін идеалды, егер:


  1. Сізге гипо- және гипергликемиялар туралы қосымша ақпарат қажет болса
  2. Сіз гипогликемияны сезінбейтін болсаңыз
  3. Сіз көбірек бақылауға қол жеткізуді қаласаңыз
  4. Сізде гестациялық диабет болса 
  5. Сізде диабет болса және сіз жүкті болсаңыз
  6. Сізде A1C деңгейі жоғары болса


Guardian REAL-Time жүйесі сізге сәйкес келетіндігін білу үшін өзіңізді емдеуші дәрігермен бүгін сөйлесіңіз. Guardian REAL-Time жүйесін қолдану 1 типтегі және 2 типтегі диабетпен науқас барлық емделушілер үшін мақұлданған. Емдеуші дәрігеріңізден сұраңыз. Guardian REAL-Time жүйесін алу үшін емдеуші дәрігеріңіздің тағайындауы қажет.

Клиникалық зерттеулер бойынша сілтемелер

  1. Kaufman FR, et al. Diabetes Care. 2001;24(12):2030-2034.
  2. Ludvigsson J, et al. Pediatrics. 2003;111(5 pt 1):933-938.
  3. Deiss D, et al. Diabetes Care. 2006; 29(12):2730-2732.
  4. Bode BW, et al. Diabetes Res Clin Pract. 1999;46(3):183-190.
  5. Pitzer KR, et al. Diabetes Care. 2001;24(5):881-885.