Гипергликемия (Қанда глюкозаның жоғары болуы)

Помпалық инсулинтерапия кезінде қанда глюкоза деңгейінің жоғарылауы осы құбылыс үшін әдеттегі жағдайлардың және помпалық терапия ерекшелігі салдарынан орын алуы мүмкін:

  • Шамадан тыс тамақтану
  • Қандағы инсулиннің жеткіліксіз мөлшері
  • Инсулиннің тиімсіздігі
  • Помпадан инсулиннің берілуін тоқтату

Гипергликемияны емдеу бірінші кезекте диабеттік кетоацидоздың (ДКА) дамуын болдырмауды және ұзақ уақыт бойы қандағы глюкозаның жоғары болуынан туындауы мүмкін диабеттік асқынулардың туындау тәуекелін төмендетуді мақсат етеді.

Егер инсулинді помпаны пайдалану кезінде Сіз қандай да бір себептер бойынша инсулиннің жеткілікті мөлшерін алуды доғарсаңыз, Сіздің қаныңыздағы глюкозаның мөлшері жылдам өседі. Егер инсулин ағуы тиіс түтік сүңгі жылжып кетсе, бітеліп қлса немесе тесілетін болса, инсулинді беру процесі бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ Сіздің ағзаңыз инсулинді жеңіл қорыта алмауы мүмкін.

Инсулин помпасы тек қысқа әрекет ететін инсулинді ғана беретіндіктен, гипергликемия жеткілікті түрде жылдам туындауы мүмкін. Сондықтан келесі ақпаратты назарға алу ерекше маңызды:

 

Егер Сіздің қаныңыздағы глюкозаның деңгейі 250мг/дл (13,9 ммоль/л) асатын болса, келесі әрекеттерді дереу қабылдау керек:

  • Глюкозаның деңгейін қалыптандыру үшін арналған инсулиннің базалдық мөлшерлемесін дереу қабылдаңыз (дәрінің қажетті көлемі помпамен автоматты түрде есептеледі)
  • Инсулинді енгізгеннен кейін 60-90 минут өткен соң қандағы глюкозаның деңгейін тағы бір рет тексеріңіз 

Егер қандағы глюкозаның концентрациясы төмендемейтін болса:

  • Шпицтің (помпаның емес!) көмегімен инсулиннің қажетті мөлшерлемесін енгізіңіз
  • Түтік сүңгіні ауыстырыңыз
  • Әрбір 30 мин сайын калориясыз сұйықтықты (суды, диетикалық жанжәбіл сырасын, майсыз сорпаны) ішіңіз
  • Әрбір екі сағат сайын глюкозаның деңгейін тексеріңіз және глюкозаның концентрациясы белгіленген нормаға дейін төмендегенге дейін инсулин инъекциясын жасауды жалғастырыңыз
  • Құрамында кетондардың болуына несепті тексеріңіз, тапқан жағдайда дәрігерге қаралыңыз
  • Егер Сіздің қаныңыздағы глюкозаның және кетондардың деңгейі жоғары болса немесе егер Сіз сұйықтықты тұтына алмайтындығыңызды сезінсеңіз, дәрігерге қаралыңыз.

Помпалық инсулинтерапия кезінде Сізде әрдайым өлшеу аппараты, глюкозаның және кетон денелерінің болуына тестілер дайын болуы, керісінше жағдайда диабетті емдеу «соқыр тәуекелмен» жүретін болады, бұл гипергликемияның немесе ДКА даму тәуекелін жоғарылатады.