Қандағы глюкозаның төмен деңгейінде инсулиннің енуін кідірту
Күндіз және түнде тыныш болу үшін
lds

Paradigm® VeoTM – (LGS) қандағы глюкозаның төмен деңгейінде инсулиннің енуін кідіртетін қызметпен жабдықталған әлемдегі бірінші инсулин помпасы, оның міндеті ауыр гипогликемиядан автоматты қорғау болып табылады.

Мысалы, сіз қатты ұйықтап қалдыңыз, ал Сіздің ағзаңыздағы глюкозаның деңгейі төмендей бастады дейік. Бұл жағдайда Veo әлеуетті қауіпті айқындау және Сізге ескерту үшін CGM деректерін пайдаланады. Егер Сіз ескертуге жауап бермесеңіз, Veo жылдам әрекет етеді және инсулиннің енуін 2 сағатқа тоқтатады.



lgs graphs 9

Бұл қосымша қорғаныс түнде қатты ұйықтау мүмкіндігін береді және гипогликемияның дамуынан қорқынышты артта қалдырады.