Кеңестер және ескертулер
Қауіпсіздік және сенімділік үшін

Paradigm® VeoTM Сізге диабетті үлкен жеңілдікпен және тиімділікпен бақылауға көмектесетін сипаттамалар қатарына иелік етеді. Біз осы пайдалы ерекшеліктердің кейбіреулерін төменде бөліп көрсеттік.

  • Белсенді инсулиннің кірістірілген детекторы
    Болюсты енгізгеннен кейін қалған белсенді инсулин туралы Сізге хабарлай отырып, инсулиннің жинақталуын болдырмауға көмектеседі
  • Bolus Wizard® (Болюс көмекшісі) калькуляторы
    Болюс мөлшерлемесін есептеуге арналған патенттелген калькулятор жеке баптаулардың, тамақ қабылдаудың және глюкоза деңгейінің ағымдағы көрсеткішінің негізінде болюс көлемін шамалайды
  • Ескерткіш дабыл сигналдары *
    Сіз глюкоза көрсеткіштерінің белгіленген ауқымының жоғарғы немесе төменгі шегіне жеткенге дейін 5, 10, 15, 20, 25 немесе 30 минут қалғанда іске қосылатын ескертуші сигналдарды орната аласыз, бұл қажетті әрекеттерді алдын ала қабылдауға рұқсат береді
  • Глюкоза деңгейлерінің өзгеру жылдамдығы туралы ескерту *
    Сіз глюкоза деңгейінің жылдам жоғарылауы немесе төмендеуі туралы хабар аласыз, бұл Сізге дереу әрекет етуге рұқсат береді
  • Өткізіп жіберілген тағам болюсы туралы ескерту *
    Тағам болюсын өткізіп жіберу мүмкін болғанда Сізге ескерте отырып, гипергликемияны болдырмауға рұқсат береді
  • Үрдіс бағыттарын көрсеткіш-мегзерлер *
    Соңғы 20 минутта глюкозаның деңгейі қаншалықты жиі және қандай бағытта өзгергендігін көрсететін глюкоза деңгейлерінің өзгеру үрдісінің бағытын көрсеткіш-мегзерлердің көмегімен үрдістер туралы Сіздің ақпараттануыңыздың арқасында Сіз гипо- және гипергликемиялық эпизодтардан сақтана аласыз
  • Құрамындағы глюкоза жоғары және төмен болғандағы шектік дабыл сигналдары *
    Глюкоза көрсеткіштерінің белгіленген ауқымының төменгі немесе жоғарғы шектік мәнінің қиылысуы туралы ескертулердің көмегімен қосымша қорғау. Гипо- және гипергликемияның даму тәуекелін азайту.
  1. * CGM пайдалану талап етіледі.