Глюкозаның деңгейлерін үздіксіз бақылау (CGM)
Нағыз түсінушілік және бақылау үшін
CGM carelink

MiniLinkTM трансмиттерімен және глюкоза сенсорымен үйлестіре пайдаланған кезде Paradigm® VeoTM помпасы күніне 24 сағат Сіздің глюкозаңыздың деңгейлерін бақылайтын болады және әрбір 5 минут сайын көрсеткіштерді жаңартып отырады.  Осы тұрақты жаңартудың көмегімен Сіз Сіздің қаныңызда глюкозаның концентрациясы қалай әрекет ететіндігін түсінуге және глюкометрдің көмегімен глюкозаның деңгейін көп рет өлшеу қажеттілігін азайтуға мүмкіндік аласыз.

ҒЫЛЫМИ ДӘЛЕЛДЕНГЕН ТИІМДІЛІК

Саусақтан алынған қандағы глюкозаның деңгейін дәстүрлі өлшеумен және HbA1 салыстыру бойынша CGM артықшылықтары жақсы зерттелген. Зерттеулер көрсетті:

  • Глюкоза деңгейлерінің төмендеу эпизодтарының 60% глюкометрдің көмегімен ғана тестілеу кезінде анықталмауы мүмкін
  • Глюкометрдің көмегімен қандағы глюкозаның деңгейін дербес бақылауға қарағанда, CGM глюкоза деңгейлерінің елеулі түрде жоғарылау эпизодтарын 4 есе көп айқындайды (SMBG)
  • CGM глюкометрдің көмегімен саусақтан алынған қанды ғана тестілеумен салыстырғанда, A1c (гликирленген гемоглобин) деңгейін елеулі түрде төмендете алады
Артықшылықтары қандай?

6, 7, 8 зерттеулерде CGM өлшеудің дәл әдісі болып табылатындығы дәлелденді, сондықтан Сіздің есіңіз сенімді деректерге негізделетін болады.

Бөліктерді бірге қосыңыз

Инсулиндік помпаның өзі (а) өте кішкентай, Сіз оны кез келген жерде – киімнің астында, сумкада, аяқта немесе бөксеңізде, не ұялы телефон секілді белдікте алып жүре аласыз.

Помпа Сіздің теріңіздің астына енгізілген және онда 3 күн бойы қалатын канюля (В) деп аталатын жұмсақ түтік арқылы инсулин береді. Егер Сіз ванна немесе душ қабылдағыңыз келсе, шомылғыңыз немесе киім ауыстырғыңыз келсе, инсулин помпасын оңай әрі жылдам ажырата аласыз.


Глюкоза деңгейлерін үздіксіз бақылау глюкозаның кішкентай сенсорының арқасында мүмкін болады (С). Paradigm® VeoTM Сізге бір графикте 6 күнге дейінгі глюкозаның көрсеткіштерін қарауға рұқсат береді. Канюля секілді сенсор да сенсорды енгізуге арналған автоматты құрылғының көмегімен орнатылады.

Сенсормен алынған деректер MiniLinkTM трансмиттеріне (D), сенсорға қосылатын шағын жеңіл құрылғыға үздіксіз беріледі. Трансмиттер глюкозаның көрсеткіштерін радиожиілікті (РЖ) пайдаланатын заманауи сымсыз технология арқылы инсулин помпасына жібереді.

Paradigm Veo жүйесі = A + B + С + D