CareLink™ бағдарламалық жасақтамасы

CareLink Personal – онлайн режимінде терапияны қауіпсіз бақылауға мүмкіндік беретін және тек өлшегіш бағдарламалық жасақтаманың және бақылау хаттамаларының ғана көмегімен әрдайым ашыла бермейтін проблемаларды және жалпы картинаны сіздің жақсы түсінуіңізді қамтамасыз ететін бағдарламалық жасақтама. Сіз сіздің помпаңыздың деректерін интернетке қатынау бар үйде немесе барлық жерде жүктей аласыз.

CareLink Personal бағдарламасы Сізге:
Carelink report
  • Инсулиннің, көміртектердің және физикалық жүктеудің қандағы глюкозаның деңгейіне қалай әсер ететіндігін түсінуді жақсы бақылауға
  • Проблемаларды оңай теңестіруге, сол арқылы терапияның тиімділігін жоғарылатуға
  • Сіздің емдеуші дәрігеріңізбен қашықтықтан хабарласуға, оған есептер жіберуге
  • Үздіксіз бақылау арқылы глюкозаның деңгейіне қатысты толық картинаға ие болуға көмектеседі.


Инсулин енгізудің, тамақтану ерекшеліктерінің, әдеттегі физикалық жүктеудің және дәрілік құралдардың сіздің глюкоза деңгейіңізге әсерін түсіну диабетті бақылауды жақсарту үшін негізгі болып табылады. Сіз сызбалар, диаграммалар және кестелер түрінде осы себеп-салдарлық байланыстарды проблемасыз қадағалай аласыз, бұл сізге құрылымды және бар проблемаларды жақсы түсінуге рұқсат береді. Осының барлығы сізге белгілі бір уақыт сәтінде глюкозаның төмен және жоғары деңгейінің негізгі себептерін айқындауға көмектеседі.

Деректеріңізді емдеуші дәрігерге жіберіңіз

CareLink™ – бұл сіздің деректеріңізді және есептеріңізді үйде және клиникада жүктеуге және қарауға рұқсат беретін бірегей платформа. Бұл бағдарламалық жасақтама сондай-ақ Сізге терапияны түзетуге көмектесе алатын медициналық жұмыскерлерге деректеріңізді жіберуге рұқсат береді. Сіз pdf файл түрінде есептер жібере аласыз, не егер Сіздің клиникаңызда Pro CareLink™ бағдарламалық жасақтамасы пайдаланылатын болса, Сіздің дәрігеріңіз сіздің жүктелген деректеріңізге тікелей клиникадан қатынай алады.  Терапияны бақылау үшін CareLink™ Pro бағдарламалық жасақтамасы туралы осы жерде көбірек біліңіз. (CareLink™ Pro бағдарламасы тек медициналық жұмыскерлерге ғана қол жетімді екендігіне назар аударыңыз).

Бағдарламаны пайдалануды бастаудың алдында Сізге қажет

CareLinkTM Personal бағдарламасын пайдалану үшін келесі шарттар қажет:

  • Windows® 98SE, ME, 2000, XP, немесе Vista –дан компьютерге қатынау  
  • Интернетпен сенімді байланысу
  • 5.5 (SP2) нұсқасындағы немесе одан жоғары Microsoft® Internet Explorer
  • 5.0 нұсқасындағы немесе одан жоғары Adobe® ReaderTM
  • Компьютермен қосылу үшін CareLinkTM USB құрылғысы
  • Егер сіз сондай-ақ деректерді CareLink Personal жүктеуге шешім қабылдасаңыз, сәйкес кабельмен глюкоза деңгейін бақылауға арналған аспап (Сізге осы кабельді сіздің өлшеу аспабыңызды өндірушіден сұрау қажеттілігіне назар аударыңыз).

Неден бастау керек?

  • CareLinkTM Personal сайтында тіркеліңіз: http://carelink.medtronicdiabetes.com4.
  • Сіздің помпаңыздан деректерді жүктеу үшін сайттағы нұсқауларды қадағалаңыз (Сайтта осыны жасау керектігін өтіну пайда болғанға дейін CareLink USB кабеліңізді қоспаңыз!). Қадамдық нұсқаулықты Жұмысты бастау жөніндегі нұсқаулықтан алуға болады.