Өмірдің бір күні
MiniMed Paradigm® Veo™ жүйесімен 24 сағат сапалы қамқорлық
Paradigm Veo тәулік бойы қорғау және қолдауды қамтамасыз ету үшін әзірленді. Сіз қайда болсаңыз да және Сіз не істесеңіз де Paradigm® VeoTM Сізге диабетті тиімді бақылауға көмектеседі.
Міне, Paradigm® VeoTM Сізге күніне 24 сағат қалай көмектесетіндігінің мысалы*.

Time Проблема Шешім
04:30 Сіз қатты ұйықтап жатқанда Сіздің қаныңыздағы глюкозаның деңгейі қауіпті мәнге дейін түсіп кетті. Инсулиннің енуін кідірту механизмі сіздің қаныңыздағы глюкозаның деңгейі белгіленген шекарадан өтісімен инсулиннің енуін екі сағатқа кешеуілдетеді, бұл Сізді ауыр гипогликемиядан қорғануға көмектеседі.
09:15 Таңғы астан кейін қандағы глюкозаның деңгейі жылдам жоғарылайды. «Глюкоза деңгейлерінің өзгеру жылдамдығы» дабыл сигналы Сізге жағдайды жақсарту үшін кезек күттірмейтін әрекеттерді қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді.
13:25 Қандағы глюкозаның деңгейі достармен футбол ойнау кезінде төмендей бастады. Ескертуші дабыл сигналы Сізге сіздің қаныңыздағы глюкоза деңгейінің көрсеткіші төменгі шектік мәнге жеткенге дейін 15 минут қалғанда ескертеді.
18:45 Сіз кешкі астың алдында болюс енгізуді ұмытып кеттіңіз. Гипергликемияның даму қаупін төмендету үшін өткізіп жіберілген болюс туралы ескерту осы ықтимал олқылықты көрсетеді.
18:47 Сіз тамақ ішудің алдында дұрыс болюсты есептеуге тырысасыз. Bolus Wizard® калькуляторы Сізге барлық қолжетімді ақпараттың негізінде болюстың дұрыс көлемін шамалауға көмектеседі.
21:50 Өте көп инсулин мөлшерінің жинақталу және гипогликемияның даму қаупі туындады. Белсенді инсулин туралы дабыл сигналы қанша қолжетімді белсенді инсулиннің бар екендігін көрсетеді, бұл Сізге қажетті түзетулер енгізуге рұқсат береді.
*Тек иллюстрация мақсаттарында ғана Сіздегі глюкоза деңгейлері өзгерісінің жеке үрдістерін көрсетпеуі мүмкін