ЕУРОПА, ТАЯУ ШЫҒЫС ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІ ҮШІН ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ (ЕБВА/EMEA)

Құпиялылық ұстанымдары туралы осы ережеде жеке ақпаратпен Медтроник компаниясының жұмысы сипатталған.

Біздің клиенттеріміздің, іскерлік әріптестеріміздің және емделушілеріміздің тарапынан сенім білдіруді сақтау және олардың сенім білдіруіне құрмет көрсету біздің әрі қарайғы жетістігіміз үшін сындарлы маңызды мәселе болып табылады. Біз әрдайым жеке ақпаратпен жұмыс істейміз:

  • құпия және алалаусыз  
  • біз жасайтын мәлімдемелерге сәйкес
  • қолданылатын заңдарға, орнатуларға, нормаларға және деректерді сақтау туралы ұстанымдарға сәйкес заңды 

Медтроник деген не?
Медтроник бұл Medtronic, Inc. (Медтроник Инкорпорейтед), АҚШ-та құрылған корпорацияны және Медтроник бақылауындағы барлық компанияларды, мысалы, оның филиалдарын және еншілес компанияларын  қосқанда, компаниялар тобы туралы айтқан кезімізде қолданылатын атау. Біз «біз» немесе «біздің» сөздерін қолданған кезде Медтроникті айтамыз.

Құпиялылық ұстанымдары қашан қолданылады?
Біз Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың халықтарынан жиналған жеке ақпаратпен жұмыс істеген кезде осы Құпиялылық ұстанымдары қолданылады. Бұл Құпиялылық ұстанымдары осы деректерді теңдестіретін тұлғадан тікелей алынған деректерге, сонымен қатар біз басқа тұлғаны теңдестіретін бір тұлғадан (немесе компаниядан) деректерді жинағанда қолданылады. Демек, біз осы Құпиялылық ұстанымдары туралы ережеде «сіз», «мені», «мен» сөздерін пайдаланғанда біз жеке ақпаратымен жұмыс істейтін, біз осы ақпаратты тікелей одан немесе жанама түрде басқа адам арқылы алған адамды білдіреміз.

Осы Құпиялылық ұстанымдары туралы ереже біз келесі ақпаратпен жұмыс істеген кезімізде қолданылмайды:

  • бізбен жұмыс қатынастары аясында біздің қызметкерлеріміз туралы
  • біз басқа бас тарту, саясатты, пайдалану шарттарын немесе осы саясат қолданылмайтынын немесе басқа саясат немесе хабар қолданылатындығын көрсететін басқа хабарлар берген жағдайларда
  • егер ақпарат Сізді идентафикациялау мүмкін болмайтын түрде біз өзгерткен жеке ақпаратты (оның анықтамасы төменде берілген) қосқанда Сізді тұлға ретінде идентификацияламаса.

Деректерді өңдеу деген не?
Деректерді өңдеу – жеке ақпаратты жинауды, пайдалануды, ашуды, бейімдеуді, өзгертуді, түзетуді, іздеуді, құрастыруды, блоктауды, жоюды, тасымалдауды, жоюды, жазуды, ұйымдастыруды, сақтауды және пайдалануды қосатын, техниканы пайдаланумен немесе пайдаланбай жүргізілетіндігіне тәуелсіз, жеке ақпаратпен операциялардың кез келген жинағы.

Жеке ақпарат не болып табылады?
Жеке ақпарат бұл нақ Сізді идентификациялау үшін пайдаланылатын және Сізге қатысты ақпарат, мысалы Сіздің:

  • есіміңіз
  • телефон нөміріңіз
  • электронды поштаңыздың мекен-жайы
  • туған күніңіз
  • мекен-жайыңыз
  • әлеуметтік сақтандыру нөмірі немесе басқа ұлттық идентификатор
  • банктегі шот нөмірі
  • Сізді идентификациялайтын немесе идентификациялауы мүмкін және Сізге қатысты болатын кез келген басқа ақпарат

Жеке ақпараттың кейбір түрлері құпия ақпарат болып табылады. Құпия ақпараттың анықтамасы төменде берілген. Осы Құпиялылық ұстанымдары туралы ережеде жеке ақпарат сөз тіркесін пайдаланғанда біз, егер басқалай көрсетілмесе, осы ұғымға құпия ақпаратты қосамыз.

Медтроник жеке ақпаратты қашан және қалай жинайды?
Медтроник жеке ақпаратты көптеген тәсілмен жинай алады. Мысалы:

  • Біз веб-сайттарымыздың кейбір жерлерінде өзіңіз туралы жеке деректеріңізді бізге жіберуге мүмкіндігіңіз бар. Мысалы, Сіз тіркеу, сұрау немесе электронды пошта формасын толтыра аласыз. Сонымен қатар Сіз Сіздің біздің веб-сайтымызға кіруіңіз персоналдануына келісім бере аласыз, бұл жағдайда біз Сіздің біздің сайтымызға кіруіңізді Сіз үшін пайдалы ету мақсатында Сіздің жеке деректеріңізді сұраймыз. Бұл ақпарат біз cookie-файлдар арқылы жинайтын жеке емес сипаттағы ақпаратпен үйлескен кезде, біз Сіздің біздің сайтымызға кіргендігіңізді айта аламыз.
  • Сіз бізге ақпарат, өнімдер немесе қызметтер алу үшін хабарласқан кезіңізде біз Сізден жеке ақпаратты ала аламыз.
  • Біз Сізден біздің клиенттерімізбен, дистрибьюторлармен немесе бизнес бойынша басқа серіктестерімізбен коммерциялық мәмілелерді жүргізу барысында жеке ақпаратты ала аламыз.

Медтроник жеке ақпаратты қалай өңдейді?
Біз Сіздің жеке ақпаратыңызбен (анықтамасы төменде берілген құпия ақпаратты қоспағанда) жұмыс істейміз:

  • Сіздің өтініштеріңізге және сұрауларыңызға жауап беру үшін
  • Сізбен немесе Сіз туралы шартты құру немесе шарт талаптарын талқылау үшін
  • Сіздің жеке ақпаратыңыздың жазбаларын қосқанда, жазбаларды құру үшін
  • Біздің немесе басқалармен берілетін қызметтер немесе өнімдер, клиникалық зерттеулер туралы ақпаратты қосқанда, Сіз үшін қызығушылық тудыруы мүмкін ақпарат бойынша Сізбен пошта арқылы (немесе Сіздің келісіміңізбен басқа тәсілдер бойынша) байланысу үшін
  • аналитикалық мақсаттар үшін, бағдарламаларды, өнімдерді, емдеуді, қызметтерді және қызметтер мазмұнын зерттеу, әзірлеу және жетілдіру үшін
  • Сіздің тұлғаңыздың идентификаторларын (аты-жөнін, электронды поштаның мекен-жайын, әлеуметтік сақтандыру нөмірлерін және т.б.) жою үшін. Бұл жағдайда Сіздің тұлғаңызды анықтау мүмкін болмайды. Біз Сіз туралы ақпаратты өзгерткеннен кейін ол жеке болып саналмайды және Құпиялылық ұстанымдары туралы осы ереженің нысаны болып табылмайды
  • мысалы, Сіздің қызығушылығыңызды тудыруы мүмкін жаңа ерекшеліктер туралы Сізге хабарлап біздің веб-сайтымызға Сіздің кіруіңізді дараландыру үшін.
  • Құпиялылық ұстанымдары туралы осы ереженің қадағалануын қамтамасыз ету үшін, немесе құқықтарымызды немесе меншігімізді басқалай тәсілмен қорғау үшін
  • Сіздің өмірлік маңызды мүдделеріңізді немесе басқа тұлғаның денсаулығын, қауіпсіздігін немесе әл-ауқатын қорғау үшін  
  • заңдарға немесе құқықтық нормаларға, сот тәртібіне немесе басқа құқықтық міндеттемелерге сәйкес келу үшін
  • егер деректерді бір жақты өңдеу Сіздің құқықтарыңызды немесе еркіндігіңізді бұзбаса, біздің басқа заңды мүдделерімізді қадағалау үшін
  • Сіз келісім беретін басқа тәсілдермен.

Құпия ақпарат болып не табылады?
Жеке ақпараттың кейбір түрлері құпия ақпарат болып табылады. Құпия ақпарат Сіздің денсаулығыңызға (мысалы, протездің сериялық нөмірі немесе имплантантты орнату күні), Сіздің нәсілдік немесе этникалық шығу тегіңізге, діни немесе философиялық нанымдарыңызға, жыныстық өміріңізге, саяси бағдарыңызға немесе кәсіподақтардағы мүшелігіңізге қатысты жеке ақпарат болып табылады.

Медтроник жеке ақпаратқа қарағанда құпия ақпаратты басқа тәсілмен жинайды ма немесе өңдейді ма?
Медтроник Сіздің құпия ақпаратыңызды тек келесі тәсілдермен ғана жинайды және өңдейді:

  • Сіз анық түрде келісім берген тәсілдермен
  • Сіздің анық түрде берілген келісіміңіз қисынды себептер бойынша беріле алмайтын немесе сұрала алмайтын жағдайларда Сіздің өмірлік маңызды мүдделеріңізді қорғау үшін
  • ұлттық заңға сәйкес
  • деректерді өңдеу медициналық мақсаттар үшін қажет, ал біз жағдайлардың билігінде тұрған және дәрігерлік құпияны сақтау борышына тең құпиялылықты сақтау борышына сәйкес әрекет ететін жағдайларда 
  • сот ісін қозғау, жүргізу немесе қорғау үшін


Мысалы:

  • Егер біз сіз үшін емдеуді немесе өнімдерімізді және қызметтерімізді техникалық қолдауды қамтамасыз ететін болсақ, біз клиенттерімізден, сатушылардан немесе бизнес бойынша басқа серіктестерімізден емделушілеріміз туралы құпия ақпаратты жинай аламыз
  • Егер біз өнімдерімізге және қызметтерімізге қатысты сұрақтар немесе ұсыныстар алатын болсақ, емделушілер туралы құпия ақпаратты жинай аламыз
  • Біздің өнімдерімізді және қызметтерімізді қауіпсіз және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін АҚШ, Еуропалық және басқа мемлекеттік органдардың өнімдерін және дәрілерін бақылау жөніндегі басқарманың талаптарына сәйкес, құпия ақпаратты жинай аламыз
  • Біз клиникалық сынақтарға қатысушылар, зерттеулер және басқа зерттеу қызметі туралы құпия ақпаратты жинай аламыз 
  • Егер Сіз бізге беретін болсаңыз, тікелей Сізден құпия ақпаратты жинай аламыз


Маркетингтік өтініштермен қарала отырып Медтроник жеке ақпаратты пайдалана алады ма?
Егер Сіз бізге бізден маркетингтік қаралуларды немесе нарықты зерттеу бойынша хабарларды алғыңыз келмейтіндігі жөнінде хабарласаңыз, біз Сізге Сіз үшін қызығушылық тудыруы мүмкін бағдарламалар, өнімдер, қызметтер немесе қызметтердің мазмұны туралы ақпаратты беру үшін Сізбен уақтын-уақтын, жеке, электронды пошта, факс, пошта немесе телефон арқылы байланыса аламыз. Егер қолданыстағы заңнама Сіздің анық түрде берілген келісіміңізді талап ететін болса, біз Сізге белгілі бір маркетингтік үндеуді жібергенге дейін, біз оны Сіздің анық түрде берген келісіміңізді алғаннан кейін Сізге жібереміз.

Егер мен Медтрониктен маркетингтік үндеулерді бұдан былай алғым келмесе?
Егер Сіз бізден маркетингтік үндеулерді бұдан былай алғыңыз келмесе немесе біз қандай да бір түрде Сіздің жеке деректеріңізді өңдеуді тоқтатқанымызды қаласаңыз, сіз бізбен төменде, осы Ереженің соңында сипатталғандай байланыса аласыз және Сіз бұдан былай алғыңыз келмейтін хабарлар туралы хабарлай аласыз. Осыған қосымша, егер Сіз бізден хабар алсаңыз немесе болашақта алатын болсаңыз, әрбір хабар осындай хабарларды алудан қалай бас тартуға болатындығының қарапайым қызметінен тұрады.

Медтроник үшінші тұлғаларға құпия ақпаратты хабарлайды ма?
Егер Құпиялылық ұстанымдары туралы осы ережеде басқалай көрсетілмесе, Медтроник Сіздің жеке ақпаратыңызды Медтроникпен байланысты емес үшінші тұлғаларға Сіздің келісімінсіз хабарламайды.

Әдеттегі істерді жүргізу барысында біз біздің атымыздан белгілі бір қызметтерді орындау немесе қызметтерді беру үшін жалдайтын компанияларға кейбір жеке ақпаратты хабарлаймыз. Мысалы, біз өнімімізді тасымалдау үшін басқа жеткізушілерді немесе сатушыларды жалдай аламыз.  Бұл жағдайда біз Сіздің тапсырыңызды өңдеу үшін қажетті ақпаратты сатушыға немесе жеткізушіге береміз: Сіздің атыңыз және мекен-жайыңыз. Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды үшінші тұлғаларға хабарлаған барлық жағдайда біз көрсетуді сұраған қызметтерді көрсету үшін ғана басқа тұлғаларға сіздің ақпаратыңызды пайдалануға немесе сақтауға, дабыралауға міндеттемейміз.

Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды сатпаймыз, айырбастамаймыз немесе жарияламаймыз, керісінше жағдай тек компанияны сатумен, бірігумен, таратумен немесе сатып алумен болуы мүмкін.

Бізді заңға немесе құқықтық нормаға сәйкес, соттың қаулысына, сотқа шақыруға, тінту ордеріне жауап ретінде заң бойынша Сіздің жеке ақпаратыңызды дабыралауға міндеттеуі мүмкін. Біз біздің ережелерімізді бұзған немесе әрекеті басқа кірушілерге зиян келтіретін (немесе заңсыз болып табылатын) веб-сайт кірушілерін тергеуде және қылмыстық тексеруді жүргізуде құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса аламыз.

Егер осы дабыралау келесілер үшін қажет екендігіне сенімді болатын болсақ, үшінші тұлғаларға Сіздің жеке ақпаратыңызды аша аламыз:

  • Құпиялылық ұстанымдары туралы осы ережені қадағалауды қамтамасыз ету
  • Құқықтарымызды немесе меншігімізді қорғау
  • Басқа тұлғаның денсаулығын, қауіпсіздігін немесе әл-ауқатын қорғау
  • Заңды немесе құқықтық норманы, сот тәртібін немесе басқа құқықтық процестерді қадағалау


Медтроник менің жеке ақпаратымды мен тұратын елден тыс жерде тарата ма?
Медтроник ақпарат жиналған елден тыс жерде, Еуропалық экономикалық кеңістіктің кез келген еліне немесе аумағына немесе құпиялылықтың қорғалуы Еуропалық Одақпен жеткілікті ретінде танылған кез келген басқа елге ақпаратты тарата алады. Біз басқа елдерге ақпаратты таратамыз, егер тек:

  • Сіз және Медтроник арасындағы шартты орындау үшін немесе Сіздің сұрауыңызға жауап ретінде шарт алдындағы шараларды қабылдау үшін ақпаратты беру қажет болса; немесе
  • Егер Сіз ақпаратты беруге келісім берсеңіз; немесе
  • Егер осы деректер шарт бойынша немесе қорғаудың басқа тәсілімен басқа елде тиісті түрде қорғалатын болса.

Медтроник компаниялары арасында берілетін жеке ақпараттың, сонымен қатар АҚШ-тағы Медтроник компаниясына ақпаратты беру кезіндегі жеке ақпараттың  (өзіне құпия ақпаратты қамтуы мүмкін) оның офистерінде немесе филиалдарында тиісті түрде қорғалғандығын Медтроник кепілдендіреді.

Егер Құпиялылық ұстанымдары туралы ереже өзгеретін болса, не болады?
Егер біз Құпиялылық ұстанымдары осы ереженің мазмұнына елеулі өзерістер енгізуге шешім шығарсақ, біз осы Ереженің осы бөлімінде барлық ірі өзгерістердің сипаттамасын береміз. Сіз осы Ереженің соңғы нұсқасын және оның тарихын Сіздің еліңізге арналған веб-сайтта әрдайым таба аласыз немесе Сіз төменде келтірілген мекен-жай бойынша бізбен хабарласа аласыз.

Жеке ақпараттың қауіпсіздігі
Біз Сіздің жеке ақпаратыңызды жоғалтудан, құқыққа сай пайдаланбаудан, заңсыз қатынаудан, дабыралаудан, өзгертуден немесе жоюдан қорғаудың жарамды физикалық, әкімшілік және техникалық шараларын пайдаланамыз. Біз сонымен қатар жұмыстарын орындау үшін осы ақпарат қажет болатын қызметкерлер мен мердігерлер үшін Сіздің жеке ақпаратыңызға қатынауды шектейміз. Сіз Интернет арқылы ақпаратты беру 100% қауіпсіз немесе қателерден қорғалған болып табылмайтындығын есте сақтауға тиістісіз. Әсіресе, бізге немесе бізбен жіберілген электронды хабар қауіпсіз болмауы мүмкін, Сіз бізге электронды пошта арқылы қандай ақпаратты жіберетіндігіңз жөнінде шешімді ерекше абайлықпен қабылдауыңыз керек.

Менің жеке ақпаратым Медтроникте қаншалықты ұзақ сақталатын болады?
Біз ақпаратты қажеттіден ұзақ сақтамаймыз. Көп жағдайларда жеке ақпарат елеулі уақыт кезеңінде сақталуы тиіс, ол даулар немесе мәселелер туындаған жағдайда қол жетімді болуы тиіс. Сақтау мерзімі жағдайларда қолданылатын талаптар және бірінші қисынды мүмкіндікте ескірген, пайдаланылмайтын ақпаратты жою қажеттілігі туралы есте сақтап, әрбір тұлғаға жиналған деректер үшін жеке анықталады.

Құпиялылық ұстанымдары туралы осы ережеге сәйкес, Сіздің жеке ақпаратыңызға біздің қатынасымыз ақпарат бізде сақтаулы болғанда өзгермейді.

Медтроник веб-сайттарында құпиялылыққа қатысты қосымша ережелер бар ма?
Сілемелер. Біздің веб-сайтымызда басқа ұйымдар қызмет көрсететін веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Біз бұл сілтемелерді Сізге қолайлы болу үшін береміз, бірақ біз басқа ұйымдар қызмет ететін веб-сайттарда құпия ақпаратты қарастырмаймыз, бақыламаймыз және қорғау тәжірибесін басқармаймыз. Біз үшінші тұлғалардың веб-сайттарының жұмысы және Сіздің олармен іскерлік қатынасыңыз үшін жауапкершілік көтермейміз.
Біздің веб-сайттарымыз сонымен қатар Медтроникке тиесілі басқа веб-сайттарға сілтемелерден тұруы мүмкін. Осы Құпиялылық ұстанымдары туралы ереже Еуропада, Таяу Шығыста және Африкада орналасқан компаниялардың веб-сайттары үшін ғана қолданылады және Ережеде Еуропаның, Таяу Шығыстың және Африканың әртүрлі елдерінде әртүрлі ерекшелік болуы мүмкін. Осылайша, егер Сіз осы веб-сайттан басқа веб-сайтқа, тіпті Медтроник компаниясына тиесілі басқа веб-сайтқа сілтеме бойынша жүретін болсаңыз, біз Сізге осы веб-сайттың құпия ақпаратты қорғау тәжірибесіне назар аударуыңызды сұраймыз.

Cookie-файлдар
Медтроник өз сайттарында cookie-файлдарды пайдалана алады.  Cookie-файлдар – бұл біз Сіз сайтқа кірген кезде Сіздің компьютеріңіздің броузерінің файлдарына орналастыратын мәтіндік файлдар. Cookie-файлдар Сіздің компьютеріңіздің қатты дискісінде сақталуы мүмкін.  Cookie-файлдарды пайдалана отырып, біз жинақтайтын ақпарат жеке ақпарат болып табылмайды. Егер Сіздің компьютеріңіз рұқсат ететін болса, Сіз әрқашан біздің сookie-файлдарымызды жоя аласыз, бірақ бұл жағдайда біздің сайтымыздың кейбір бөлімдері тиісті түрде жұмыс істемейтін болады. Біз үшінші тұлғаларға біздің сайттарымызда сookie-файлдар орналастыруына рұқсат бермейміз.  

Бізбен қалай байланысуға болады

Біз Сіздің ақпаратыңызбен жазбаларды мұқият сақтауға тырысамыз. Егер Сіз өзіңіз туралы ақпараттың толық, мұқият немесе заманауи болып табылмайтынын байқасаңыз немесе егер Сізде осы Құпиялылық ұстанымдары туралы ереже бойынша сұрақтар болатын болса, келесі мекен-жай бойынша бізбен байланысуды сұраймыз:

MEDTRONIC Trading NL BV 

Earl Bakkenstraat 10
6422 PJ HEERLEN
The Netherlands
Нұсқа: маусым 2004