Қандағы глюкозаның деңгейін бақылау
Диабет терапиясы – Инсулин помпалары

Инсулин помпасын пайдалану Сіздің өміріңізді өзгертеді.
Егер Сіз осы бетті қарасаңыз – демек Сіз өзіңіздегі диабеттің ағымдағы терапиясына толық қанағаттанбағансыз. Біздің сайтымызға келіп, Сіз көңіл-күйіңізді жақсартуға және диабетті жақсы бақылауға, өмір сүру салтыңызды өзгертуге бірінші қадам жасадыңыз. Инсулин помпасы диабетпен күресуде көмектесті және жүздеген мың адамның өмірін жеңілдетті. Шприцпен немесе шприц-қаламмен инъекциялаудан инсулин помпасына өту кезінде Сіздің өміріңіздегі өзгерістер Сіз күткеннің барлығынан асып түседі. 

 

Инсулин помпасымен Сіз:

  • алдын ала тамақ ішуді қажет етпей, кез келген физикалық жүктеулерді байқап көре аласыз
  • гипогликемия жөнінде азырақ алаңдайсыз
  • қалағаныңызды және қалаған уақытыңызда жей аласыз
  • күн сайын көп рет инъекция жасамайсыз
  • гликирленген гемоглобиннің (HbA1c) оңтайлы деңгейіне қол жеткізе аласыз 
  • асқынудың (ретинопатия, нефропатия, нейропатия және басқаларының) даму деңгейін төмендете аласыз