Науқастанған кезде

Салқын тиген кезде немесе жұқпалы аурулар кезінде диабетті емдеу қандағы глюкоза және несептегі кетондар деңгейін бақылауды жиі жүргізуді талап етеді, өйткені ауырған кезде ағза қосымша стрессте болады, бұл глюкоза деңгейінің жиі жоғарылау себебі болады. Осындай жағдайларда инсулин помпасы ағза күйінің өзгеруіне жылдам әрекет етуге және оны дер кезінде түзетуге рұқсат береді. Науқастанған кезде Сізге қаншалықты ауыр болса да  инъекциялар туралы ұмытуға болмайды. Тест нәтижелеріне байланысты Сізге әдеттегіге қарағанда көбірек инсулин талап етілуі мүмкін. Болюсты мөлшерлемелерді жиі енгізуге немесе базалды мөлшерлемені жоғарылатуға немесе екеуінде жасауға тура келуі мүмкін.

 

Науқастанған кездегі инсулин терапиясы:

  • Тәулік бойы әрбір екі сағат сайын глюкозаның және кетондардың деңгейін өлшеңіз
  • Әрбір зәр шығарудан кейін несептегі кетондардың болуын тексеріңіз
  • Сіздің қаныңыздағы глюкоза, кетондар туралы, қабылданатын дәрі-дәрмектер, дене температурасы және аурудың басқа симптомдары туралы барлық деректерді белгілеңіз
  • Егер глюкозаның концентрациясы 250 мг/дл тең немесе одан асатын болса, сонымен қатар егер Сізде несептегі кетондардың концентрациясы орташа немесе жоғары болса, инсулиннің қосымша мөлшерлемесін әрдайым қабылдаңыз (бұл жағдайда глюкозаның деңгейі норма шегінде болса да инсулиннің қосымша мөлшерлемесі талап етіледі)
  • Егер Сіз құсқан болсаңыз, ДКА туындауынан сақтану үшін инсулинді және сұйықтықтарды әрі қарай қабылдау мәселесі бойынша дәрігермен міндетті түрде кеңесіңіз!

Ауырған кезде нені әрдайым дайын ұстау керек:

  • Шайнауды талап ететін тамақты ауыстырғыш ретінде құрамында қант бар сұйықтық (әдеттегі сода, жеміс-жидекті балмұздақ, желе)
  • Құрамында қант жоқ сұйықтық (диеталық сусындар, тауық сорпасы)
  • Термометр
  • Жөтел, қызу көтерілу, жүрек айну, құсу және гиперемия дәрілері
  • Құрамындағы глюкозаның және кетондардың жоғары болуын анықтау тестілері
  • Гипогликемияның ауыр жағдайында қолдануға арналған глюкагон