Гипогликемия (Қанда глюкозаның төмен болуы)

Помпалық инсулинтерапия кезінде қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі осы құбылыс үшін әдеттегі жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін:

  • Жеткіліксіз тамақтану
  • Инсулиннің артық болуы
  • Әдеттегіге қарағанда жиірек физикалық жаттығулар

Глюкоза деңгейінің төмендеуін мүлдем болдырмау іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан осындай жағдайларда әрекеттің белгілі бір режимін қалыптастыру маңызды. Бұл жағдайда Сіз қолыңызда критикалық жағдайды өзгерту үшін құралдың әрдайым бар екендігіне сенімді боласыз және глюкоза деңгейін өте қатты көтеру қаупін тудырмай оны қайталап қолдануға мәжбүр болмайсыз. Осы құралды өзіңізбен әрдайым алып жүрген дұрыс. Құрамында көміртек көп тамақты таңдаңыз, соның салдарынан олар жылдамырақ әрекет ететін болады. Шоколадты немесе басқа нәрлілігі жоғары өнімдерді таңдамаған дұрыс, олардың әрекеті жеткілікті түрде жылдам болмайды және Сіз ағзаңызды глюкозамен асыра қанықтыруыңыз мүмкін. Көміртектердің ұсынылатын мөлшерлемесі – 15 грамм. Жеңілдікті сезінбейінше жеуді тоттатпаңыз, бірақ дәрігер ұсынған мөлшерде тоқтау керек, әйтпесе көңіл-күйіңіз нашарлауы мүмкін.

 

Кейбір адамдар өзіндегі глюкоза деңгейінің өзгеруін сезіне алады және кризисті болдырмау үшін алдын ала шаралар қабылдайды. Егер Сіз өзіңіздің ықтимал гипогликемияңыз туралы білмесеңіз, қандағы глюкозаның деңгейін мүмкіндігінше жиі, әсіресе рулге отырардың алдында бақылау өте маңызды. Машина айдаған жағдайда немесе ұйықтар алдында қандағы глюкозаның концентрациясы 100 мг/дл аздау болуы тиіс (5,6 ммоль/л).

Он бестің қағидасы

Егер Сіздің қаныңыздағы глюкозаның концентрациясы 70 мг/дл (3,9 ммоль/л) немесе одан аздау болатын болса:

  • 15 грамм көміртекті қабылдаңыз (3 бес граммдық немесе 4 төрт граммдық глюкоза таблеткалары, 110 грамм шырын немесе сода, 1 ас қасық қант немесе бал)
  • Қандағы глюкозаның деңгейін тексеріңіз. Егер ол 70 мг/дл жетпесе көміртектерді қайталап қабылдаңыз.