Глюкоза және HbА1С деңгейін бақылау

Арнайы өлшеу құрылғысының көмегімен глюкозаның деңгейін тестілеп, Сіз тестіден өту сәтіндегі қаныңыздағы глюкоза концентрациясын білесіз. Ал А1С  гемоглобинін бақылау соңғы 60-90 күндегі Сіздің ағзаңыздағы глюкозаның орташа деңгейін көрсетеді. Бұл екі көрсеткіш те Сіздің диабетті емдеу курсыңызды күнделікті түзетуді жүргізуге мүмкіндік береді және помпалық инсулинтерапия үшін қажет.  

 

Помпалық инсулинтерапия кезінде инсулиннің мөлшерлемесін және тұтынатын тағамның көміртекті құрамын түзететіндей етіп, глюкоза деңгейін 4-6 рет бақылау қажет. Жаңа алынған деректер сондай-ақ Сізге гипергликемия симптомдарын (қандағы глюкозаның жоғары болуын) және диабеттік кетоацидоздың (ДКА – инсулиннің абсолютты тапшылығы күйі) туындау ықтималдығын дер кезінде бақылауға рұқсат береді.

 

А1С гемоглобинін бақылау тиімді помпалық инсулинтерапия үшін маңыздылығы кем емес және ең аз дегенде үш ай сайын жүргізілуі тиіс. Ұзақ уақыт бойы қандағы глюкозаның жоғары деңгейі елеулі диабеттік асқынулардың себебі болуы мүмкін. Бірақ олардың туындауын глюкоза деңгейін қалыптыға жақын етіп ұстау арқылы кейінге қалдыруға немесе тіпті болдырмауға болады.  Сіздің ағзаңыздағы глюкозаның жалпы деңгейін анықтаудың тиімділеу тәсілі – А1С гемоглобинін бақылау болып табылады. Зерттеулердің деректеріне сәйкес, оның қанда 7.2 тең немесе одан аздау болу деңгейі елеулі дәрежеде диабеттік асқынулардың туындау тәуекелін төмендетеді.

 

Глюкозаның және А1С гемоглобинінің деңгейіне тест нәтижелері Сізді емдеуші дәрігерге помпалық инсулинтерапияның ағымдағы курсына өзгерістер енгізуге және глюкоза деңгейін тұрақты бақылаудың арқасында ағзаның жалпы күйін бағалауға мүмкіндік береді.