Тамақтану және көміртектерді есептеу

Помпалық инсулинтерапия Сізге тамақ таңдауда еркін болуға рұқсат береді: қысқа әрекеттегі инсулин Сізді нені және қанша мөлшерде жеу керектігін шаршататын бақылауға мәжбүрлемейді. Сіз тұтынатын өнімдерде қандай қоректендіргіш заттардың бар екендігін біліп, Сіз өзіңіздегі глюкозаның деңгейін қалыпта ұстауға көмектесетін мөлшерлемелерде ғана инсулинді қабылдай аласыз.

Майлардың және протеиндердің қандағы глюкоза деңгейіне әсер ететіндігіне қарамастан, оған көміртектер үлкен әсер етеді. Помпалық инсулинтерапия курсы кезінде Сіз көміртектерді тұтынған сайын инсулиннің қосымша мөлшерлемесін өзіңізге енгізуге тиістісіз. Болюсты мөлшерлемені есептеу үшін жаңа ғана жеген тағамда қанша көміртектің болғандығын дәл білуіңіз керек.


Көміртектерден тұратын өнімдер:
  • Крахмал, крахмалдан тұратын көкөністер, жемістер және шырындар
  • Сүт, сүт өнімдері
  • Қант, құрамында қант бар өнімдер

Осы немесе басқа өнімдегі көміртектердің мөлшері туралы ақпаратты, әдетте, оның қаптамасынан табуға болады. Сонымен қатар өте көп азық-түліктің құрамы көрсетілген арнайы басылымдар өмір сүреді.  Егер Сіз үйден тыс жерде тамақтансаңыз немесе фабрикалық қаптамасы жоқ өнімді сатып алсаңыз, осындай кітапқа ие болу ерекше пайдалы. Бірнеше рет жаттыққаннан кейін Сіз тұрақты жейтін өнімдеріңіздің белілі бір шеңбері туралы деректерді оңай есте сақтайсыз және көміртектерді есептеу процесі ауыртпалықты болуды қояды.  

Сіздің дәрігеріңіз Сізге көміртектердің әсерін бейтараптандыру үшін инсулиннің бірінші мөлшерін тағайындайды. Оны тамақтан кейін Сіздің қаныңыздағы глюкозаның деңгейі қаншалықты өзгеретіндігіне байланысты түзетуге тура келуі мүмкін.

Көміртектерді дұрыс есептеуге үйрене отырып, алдымен таңдап алынған өнімдегі олардың ықтимал санын көзбен анықтап көріңіз, содан кейін өз болжамдарыңызды қаптамадағы деректермен салыстырыңыз

Қандағы глюкоза деңгейіне майлардың әсері

Майлардың құрамында көміртектер болмаса да, олар қандағы глюкозаның деңгейіне теріс әсер көрсетеді. Сіз ірімшік немесе майлы еттің бөлігін жегеннен кейін екі сағат өткен соң осыны байқамауыңыз мүмкін, бірақ 4-6 сағат өткен соң Сіз ағзаңыздағы глюкозаның концентрациясы жоғарылап кеткендігін көрсесіз. Өйткені майлар Сіз сол тағаммен бірге тұтынған көміртектердің қорытылу процесін баяулатады.

Бұл сондай-ақ көміртектегідей секілді, осы немесе басқа өнімде майлардың болуын дәл есептеу және олардың әрекетін бейтараптандыру үшін инсулиннің қажетті мөлшерлемесін анықтау майлы тағамды тұтынғаннан кейін глюкозаның жоғарылаған деңгейімен күресіңізді жеңілдетеді.

 

Құрамында май бар азық-түліктер:

  • Маргарин, май, майонез
  • Тұздықтар
  • Жаңғақтар, қуырылған тағам

Қаныққан майдан тұратын азық-түліктер:

  • Май, қаймақ, майы алынбаған сүт
  • Крем-сыр, бекон, майлы ет

Дәрігерлер диабетпен ауыратындарға ғана емес, сондай-ақ дені сау адамдарға да майлы тағамды көп мөлшерде тұтынудан сақтануға кеңес береді. Әсіресе қанында холестерин деңгейі жоғары болуынан зардап шегетіндерге немесе салмақ тастағысы келетіндерге майларды күнделікті тұтынуды шектеу ерекше маңызды.

Глюкозаның деңгейіне протеиннің әсері

Шектелген мөлшерде тұтынылатын протеин іс жүзінде глюкозаның деңгейіне әсер етпейді. Протеин дені сау адамдарға, сондай-ақ диабетпен ауыратындарға да брдей қажет. Бірақ оны, әсіресе, Сіздің бүйректеріңіз ауыратын болса, өте көп мөлшерде тұтынбау керек. Егер Сізде холестерин деңгейі жоғары болса немесе егер Сіз арықтағыңыз келсе, протеиннен тұратын, бірақ майы жоқ азық-түліктерді, мысалы, тауық етін немесе балықты жеңіз.

 

Құрамында протеин бар азық-түліктер:

  • Ет, балық, құс еті, жұмыртқа, ірімшік
  • Жержаңғақ майы, тофу, кептірілген бұршақтар, кептірілген асбұршақ

ТАЛШЫҚ (көкөністерде бар) тамақтан кейін жоғарылаған глюкозаның деңгейін төмендете алады. Сауықтырушы диеталардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

 

НАТРИЙ (тұзба бар) глюкоза деңгейіне еш әсер етпейді. Шектеулі мөлшерде дені сау адамдарға, сондай-ақ диабетпен ауыратындарға пайдалы. Егер Сізде қан қысымы жоғары болса немесе Сіздің ағзаңыз натрийге сезімтал болса, оны тұтынуды шектеу қажет.

 

АЛКОГОЛЬ глюкоза деңгейін төмендете алады, сондықтан оны тамақпен үйлестіріп қана қолдану керек. Сонымен қатар осы немесе басқа алкогольді сусындағы көміртектердің мөлшері туралы алдын ала біліп алу керек.

 

ДӘРУМЕНДЕР ЖӘНЕ МИНЕРАЛДАР глюкозаның деңгейіне еш әсер көрсетпейді. Егер Сіз балансталған, пайдалы тағаммен тамақтанатын болсаңыз, дәрумендердің және минералдардың қосымша мөлшерлемесін қабылдаудың қажеттілігі жоқ.  

 

ҚАНТТАН ТҰРАТЫН ӨНІМДЕР глюкозаның деңгейіне елеулі әсер етпейінше Сіздің рационыңызға қосылуы мүмкін.

 

Помпалық инсулинтерапия Сізге тағам таңдауда еркін болуға рұқсат еткендігіне қарамастан, Сіздің тамағыңыз салауатты болуы тиістігін ұмытпаңыз.

Әлдебір азықтың әсерін бейтараптандыру үшін қажетті инсулиннің болюсты мөлшерлемесін дәл анқтау кейде күрделі болады. Егер Сіз кезекті тамақ ішкеннен кейін қанша инсулинді енгізу керектігіне сенімді болмасаңыз, тамақтан кейін екі сағаттан соң өзіңіздегі глюкозаның деңгейін өлшеңіз.  Сонда келесі жолы Сіз осы азықтарды жеген кезіңізде оңтайлы нәтижеге жету үшін инсулиннің мөлшерлемесін түзете аласыз.