Помпа деген не?

Инсулин помпасы – бұл Сізде диабет пайда болғанға дейін шамамен Сіздің ұйқы безіңіз атқарғандай, күні бойы Сіздің ағзаңызға инсулиннің аздаған мөлшерін енгізетін, өлшемі көптеген ұялы телефондардан аз құрылғы.

Сіз помпаны белдікке іліп немесе киім астына жасырып, қалтада алып жүре аласыз.

Кіп-кішкентай түтік помпаны Сіздің теріңіздің астына орнатылған одан да жіңішке түтікпен (канюля деп аталады) жалғайды. Бұл түтіктер жүйесі «Инфузиялық жүйе» деп аталады. Сіз қалаған кезіңізде, мысалы, егер Сіз жүзгіңіз, душ қабылдағыңыз немесе спортпен айналысқыңыз келсе, кез келген уақытта инфузиялық жүйені оңай ажырата аласыз.

Помпа несімен жақсы?

Бұл қандағы глюкозаның құрамын бақылаудың тамаша тәсілі, бұл денсаулық үшін өте пайдалы (қандағы глюкоза концентрациясының түсу және жоғарылау мөлшерінің аздығы себепті). ПЛЮС – бұл Сізге Бостандық береді. Бұл инъекциялар және ерекше тамақтану туралы алаңдамай, Сіздің қалаған уақытта тамақтана алатындығыңызды, демалыс күндері ұзағырақ ұйықтай алатындығыңызды, үйден тыс жерде қона алатындығыңызды, саяхатқа бара алатыныңызды және спортпен шұғылдана алатындығыңызды білдіреді.

 

Ең жақсысы: Сізге бұдан былай инъекция жасаудың қажеті болмайды.

Инъекция – қалжындайтын нәрсе емес

Егер Сіз тамақ ішкіңіз келсе, Сізге инсулиннің көп мөлшерін енгізу үшін жай ғана екі батырманы басу керек, немесе егер қаласаңыз Сіз тамақ ішуді кейінге қалдыра аласыз!

Помпаны тағып жүру деген не?
Помпаның кішкентайлығы соншалық, бірақ уақыт өткен соң Сіз оны елемейтін боласыз. Кейбір адамдар оны пейджер секілді тағып жүреді, ал басқалары жай ғана қалтасына салады. Помпаны кез келген жерде жасыруға болады – сіз адамның оны тағып жүргенін де байқамайсыз.
Көрінбейтін қиыншылықтар қандай?
Бұл аспап барлық қатынаста жақсы. Сізге әрбір үш күн сайын инфузиялық жүйенің орналасқан жерін (түтікше тері астына кіретін орын) ауыстыру қажет. Бұл кішкентай инъекция секілді. Бірақ бұл күніне бірнеше реет инъекция алғанға қарағанда әлдеқайда жақсы. Оның үстіне, орнатуға арналған құрылғы процесті ауырсынусыз жасайды.

И.. Сізге бұрынғысынша қандағы глюкозаның деңгейін ең аз дегенде күніне 4 рет тексеру қажет – бұл Сізге қанша инсулинді енгізу керектігін білуге көмектеседі. Бірақ Сіз бәрібір де осыны жасайсыз, рас па???
Толығырақ ақпаратты қалай ала аламын?

Сіз байқағандай, инсулин помпасы туралы әлдеқайда көп айтуға болады. Көбірек ақпарат алу үшін бізбен байланысыңыз, сонымен қатар нақ Сізге помпаның сәйкес келетіндігін түсіну үшін өзіңізді емдеуші дәрігермен сұхбаттасыңыз.

Medtronic Diabetes компаниясы помпалық инсулинтерапиядағы әлемдік көшбасшы болып табылады, және диабетті тамаша бақылау және ыңғайлы пайдалану үшін өз өнімін қауіпсіз әрі сенімді қолданудың ұзақ тарихына ие.