Практикалық кеңестер
Бұл жерде жасөспірімдерге арналған кейбір ерекше пайдалы кеңестер келтірілген.......
Инсулин помпасын қай жерде тағып жүруге болады?

Инсулин помпасын пайдалануға мүдделі жасөспірімдер қоятын бірінші сұрақ, бұл: «оны қайда қоямын?». Помпа кез келген белдікке ілінуі немесе белдікте немесе қалтада жүре алады. Помпа үшін әртүрлі құтылар ұсынылады. Киімінде қалта немесе белдік жоқ кейбір қыздар помпаны төстартқышына таға алады.

Мектептік керек-жарақтар  

Егер инфузияға арналған Сіздің жинағыңыз Сіз мектепте болған кезіңізде кездейсоқ жылжып кеетін болса немесе Сізге кез келген басқа себеп бойынша оны ауыстыру қажет болса, мектепте өзіңізбен бірге керек-жарақтардың келесі аз жинағын алып жүруге кеңес беріледі:

  • осы сәтте Сіздің помпаңызда пайдаланылатын, тоңазытқышта сақтау керек инсулин құтысы
  • инфузияларға арналған жаңа жиынтық және резервуар
  • спирті бар дымқыл салфеткалар
  • инсулинді шприц немесе шприц-қалам (егер канюля кездейсоқ түсіп кететін болса, инсулинді енгізу үшін)
  • қосымша батарейкалар
  • Сізді диабет бойынша қадағалайтын дәрігердің телефон нөмірі
Помпаны алу
Кейбір адамдар спортпен шұғылдану, би, кештер және кездесулер кезінде помпаны тағып жүретіндігіне мазасызданады. Көп жағдайда Сіздің помпаңыз Сізбен осы уақыт бойы болады. Соған қарамастан,  Сізді диабет бойынша бақылайтын дәрігер душ қабылдау, спортпен шұғылдану және шомылу үшін помпаны алуға және қайта қосуға Сізді үйретеді. Сіз помпаны алысымен инфузияларға арналған жинақты жай ажырату жеткілікті. Сіздің дәрігеріңіз осыны қалай істеу керектігін Сізге көрсетеді, бірақ шын мәнінде бұл твист билегендей оңай (барлығы бір бұруға әкеледі). Істі аяқтағаннан кейін инфузияға арналған жүйенің ұшын спиртті дымқыл салфеткалардың көмегімен сүртіңіз, содан кейін оны инфузияға арналған жинаққа жалғаңыз, содан кейін инсулин қайта енгізіле бастайды. Жалпы, егер Сіз бір сағат немесе одан аз уақытқа (көптеген жаттығулар үшін) помпасыз жүруге әрекеттенсеңіз, Сізге инсулиннің мөлшерлемесін түзетуге тура келмейді. Егер сонымен қатар бұл бір сағаттан асатын болса, мөлшерлемеге кейбір түзетуге жасау қажет. Сіз үшін сәйкес келетін түзетуші мөлшерлеме жөнінде өзіңіздің дәрігеріңізден кеңес алуды ұмытпаңыз.
Жазғы уақытта инсулин помпасын пайдалану жөніндегі кеңестер
Помпаны күннен қорғалған орындарда ұстаңыз. Жағажайда болған кезіңізде помпаңызды жақсы жабылған пластик қапқа салыңыз, киіммен ораңыз, содан кейін мұзы бар шелекке салыңыз. Егер Сіз (қыздар) бикини кигіңіз келсе, енгізудің төмендеу орнын таңдаңыз, немесе енгізу үшін бөксені пайдаланыңыз. Егер Сіз помпаны қосылулы күйде қалдырғыңыз келсе, Сіз шомылу кезінде помпаны орналастыратын SportGuardTM қатты құтысын пайдалана аласыз. Керісінше жағдайда,  бір рет бұрумен Сіз енгізуге арналған жиынтығыңызды ажырата аласыз (жай ғана қандағы глюкозаның деңгейін тұрақты тексеруді және егер сіз 1 сағаттан астам уақытқа помпаны сөндіретін болсаңыз, инсулин мөлшерлемесін түзетуді ұмытпаңыз). Жабыстырғыш жақсы тұруы үшін инфузия орнына тағы біреуін қосымша желімдеңіз (мысалы, IV 3000), ал шомылғаннан кейін енгізу орнын мұқият құрғатыңыз. Егер Сіз белсенді әрекет ету кезінде помпаны алсаңыз, инсулиннің мөлшерлемесін анықтау үшін қандағы глюкозаның деңгейін әрдайым тексеруді есте сақтаңыз.

Кейде, егер жаз мезгілінде Сіздің теріңіз дымқыл немесе жабысқақ болса (жылы ауа райында физикалық жүктеу кезінде терлеу себепті), помпаның Сіздің теріңізбен түйісу орнында бөртпе шығуы мүмкін. Бұл жағдайда Сіз помпаға арналған мата сумкаларды сатып алғыңыз келуі мүмкін.
Саяхат
Саяхаттау кезінде Сізде қосымша батарейкалар, инсулин, помпаға арналған керек-жарақтар, инъекцияға арналған инсулин шприці және глюкозаның деңгейін өлшеуге арналған құрылғы барлығына көз жеткізіңіз. Сізде қандай да бір проблемалар туындау жағдайына арнап (мысалы, егер инсулин бар құты жарылса), әдеттегі пайдалану кезінде Сізге қажет болатыннан екі есе көп керек-жарақты өзіңізбен бірге алып жүру жақсы дағды болып табылады. Егер Сіз ұшақпен сапар шегетін болсаңыз, Сіздің помпаға арналған керек-жарақтарыңыз Сіз ұшаққа алатын қол жүгіңізде екендігіне көз жеткізіңіз. Сіз помпаңызды металлдетектор арқылы өткен кезіңізде таға аласыз. Егер саяхаттау кезінде Сіз сағат белдеулерін кесіп өтетін болсаңыз, келгеннен кейін помпа сағатындағы уақытты өзгертуді ұмытпаңыз, және бастапқы сағат белдеуіне оралған кезіңізде оны қайта орнына ауыстыруды ұмытпаңыз. Егер Сіз сағат белдеулерінің үлкен саны арқылы ұшатын болсаңыз (кем дегенде 4 сағаттық айырмашылықпен), Сіз ұшатын уақытқа өзіңіздің ең аз мәніңізге тең келетін мерзімдік базалды деңгейді орната аласыз. Сіз тамақ ішкен сайын болюсты мөлшерлемені қабылдай аласыз. Белгіленген орынға келгеннен кейін мерзімдік базалды деңгейді сөндіріңіз және помпа сағатындағы уақытты жаңа уақытқа өзгертіңіз. Сонымен қатар қандағы глюкозаның деңгейін әдеттегіге қарағанда жиірек, саяхаттаудың бүкіл уақытында тексеру керек.
Алкоголь тұтыну
Инсулин помпасын пайдалану кезінде алкогольді тұтынуға ҚАТАҢ ТҮРДЕ рұқсат етілмейді. Назарға алу керек қауіпсіздіктің кейбір мәселелері өмір сүреді, өйткені қандағы глюкозаның елеулі төмендеуі алкогольді тұтынғаннан кейін көп сағаттан кейін туындауы мүмкін. Соған қарамастан, Сіз осы мәселені өзіңіздің дәрігеріңізбен талқылауыңыз керек.  
Кездесулерге қатысты кеңестер
Инсулин помпасын пайдаланатын көптеген жасөспірімдер кездесуге барғанда алдымен мазасызданады. Кейбіреулері егер өздерінің инсулин помпасын пайдаланатындығын білсе, кездесуге шақырмай қояды деп қорқады. Жасөспірімдер негізінен помпа туралы өзінің жақын достарына айтатындығына қарамастан, олардың кейбіреулері бастапқыда оны өз достарына, әсіресе қарама қарсы жыныстағы достарына ынтасыз көрсетеді. Уақыт өте келе Сіз помпаға үйренесіз және оны пайдалану туралы еркінірек айта аласыз. Сол уақытқа дейін Сіздің дәрігеріңіз Сізге кездесу кезінде помпаны қалай жасыру керектігі жөнінде кеңес бере алады, ал барлық мүмкін болатын қолжетімді аксессуарлар Сізге көмектеседі.  Сізде сонымен қатар кездесу кезінде помпаны алып тастау және оны инсулин инъекцияларымен ауыстыру мүмкіндігі бар. Ықтимал нұсқаларды дәрігеріңізбен талқылаңыз. Жаңажылдық және басқа осы секілді мейрамдар помпаны пайдаланылатындар үшін, әсіресе қыздар үшін дилемма болып табылады. Олар «Помпаны қай жерге бекіту керек» деп жиі сұрақ қояды. Шешімдердің бірі – бөксеге колготканың астына помпаны тағу. Басқа нұсқа – помпаны төстартқышқа тағып алып жүру. Инсулин помпасын сондай-ақ көйлектің ол байқалмайтын еркін жатқан бөлігінде ішкі жағынан сумкаға бекітуге болады. Тағы да помпаны алып тастауға, ал ас қабылдауға болюсты инъекцияларды шприцті қолданып енгізуге болады.

Сіз диабетті жақсы бақылауды қамтамасыз ету және өмір сүру салтыңызды қалыптыға барынша жақындату үшін инсулин помпасын пайдалануды таңдағаңызды ұмытпаңыз. Егер инсулин помпасын өзіңіздің бай өмір салтыңызға қалай бейімдеу керектігіне қатысты сізде қандай да бір сұрақтар туындаса, Сіз үшін ең жақсы нұсқаны ұсына алуы және помпалық инсулинтерапия Сізге жұмыс істеуі үшін өзіңіздің дәрігеріңізге хабарласыңыз.