Жасөспірімдерге және кішкентай балаларға арналған инсулин помпаларына не қатысты?

Ата-аналардың жеткілікті түрде уәжделуі шартында, бөбекхана жасындағы, сондай-ақ кіші жастағы балаларға инсулин помпаларын қолдану қауіпсіз және тиімді екендігін жуырдағы көптеген зерттеулер көрсетті. Барлық осы зерттеулерде HbA1C деңгейінің жақсаруы және ауыр гипогликемия эпизодтарының жиілігі 53 пайызға дейін төмендеуі, сонымен қатар диабеттен зардап шегетін баласына күтім көрсетуде ата-аналар сенімділігінің және тәуелсіздігінің ұлғаюы байқалды.


Инсулин помпалары көптеген жылдар бойы жасөспірімдерде, бөбекхана және кіші жастағы балаларда қолданылды.

Неліктен?

Өйткені олар диабетпен ауыратын бөбекхана және кіші жастағы балалардың ата-аналарында туындайтын көптеген жеке проблемаларды шешуге көмектесе алады:

  • гипогликемияның жиі эпизодтары, әсіресе түнгі уақытта
  • болжанбаған тамақ қабылдау
  • болжанбаған физикалық жүктеу
  • инсулиннің өте төмен мөлшерлемесіне қажеттілік
  • жиі болатын вирусты жұқпалар
  • баланың гипогликемия симптомдарын ата-анасына сипаттап бере алмауы
Инсулин помпасы қалай көмектесе алады?

Тамақты тұрақсыз ішуге арналған сызбалар - инсулин помпасы ас қабылдауға болюсты мөлшерлемені бағдарламалауға мүмкіндік береді, ол белгілі бір уақыт аралығында (мысалы, 1 сағат) енгізілуі мүмкін және егер бала осы кезеңде барлық тиісті асты жеп қоймаса, бас тартылуы мүмкін.  Сонымен қатар баланың тамақтану режиміне сәйкес қайталама шағын болюсты мөлшерлемелерді енгізу мүмкіндігі бар.

Инсулиннің шағын мөлшерлемелеріне қажеттілік және инсулинге жоғары сезімталдық болғанда -  Paradigm Veo помпасының көмегімен инсулинді енгізу мөлшерлемені 0.025 бірлікте ең аз өсірумен жүреді, ал әрбір мөлшерлеме мұқият өлшенеді. Сонымен қатар  инсулиннің аз мөлшерлемесі қажет белсенділігі жоғары күндерге немесе инсулин көбірек керек белсенділік төмендеген немесе ауырған күндерге сәйкес келетін әртүрлі базалық сызбаларды таңдау мүмкіндігі бар.

Гипогликемия қорқынышы – инсулин помпалары инсулиннің тұрақты түрде біркелкі енуін қамтамасыз етеді, ал қысқа әрекет ететін инсулинді ғана пайдалану гипогликемия тәуекелін төмендетуге көмектеседі. Bolus Wizard (Medtronic бірегей технологиясы) глюкоза деңгейін қатты бақылауға алу үшін мөлшерлемені түзету немесе болюс мөлшерлемесін дұрыс есептеу процесінен кездейсоқ болжамдарды болдырмауға және асқынулардың тәуекелін төмендетуге көмектеседі.

Paradigm Veo кішкентай пайдаланушыларға өте жақсы сәйкес келетін қорғаныс қызметтерінің және параметрлерінің барлық түрлеріне иелік етеді.
  • кездейсоқ бағдарламалауды болдырмай, барлық батырмаларды блоктайтын, балалардан блоктау қызметі
  • помпадағы батырмаларды пайдаланусыз инсулиннің болюстық мөлшерлемесін енгізу мүмкіндігі үшін қашықтықтан басқару пульті; осылайша, бала болюс мөлшерлемесін өздігінен енгізе алмайды
  • помпа ыңғайлы дизайнымен және шағын өлшемдерімен сипатталады, бұл оны өте кішкентай рюкзакта немесе белдіктегі түрлі-түсті шағын жұмсақ сумкада немесе қалтада бала қолынан алыс жерде проблемасыз алып жүруге рұқсат етеді. Балалар помпаға тез үйренеді және ол оларға кедергі келтірмейді.
  • Paradigm помпасы күніне 1 миллион қауіпсіздік тексерулерін жүргізеді, бұл ата-аналардың тыныштығын қамтамасыз етеді
  • Bolus Wizard белсенді инсулинді есепке алады, бұл болюс мөлшерлемесін дәлірек есептеуге рұқсат береді
  • Барлық жастағы, тіпті бар-жоғы бірнеше апта жасындағы нәрестелердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін автоматты енгізу құрылғыларының  және инфузияға арналған жинақтардың ассортименті, балаларға ойнауға мүмкіндік береді және қалыпты «балалар ісінен» көңілі бөлінбейді

Medtronic компаниясының Paradigm Veo, сонымен қатар, глюкоза деңгейі өте төмен мәндерге дейін түскен кезде инсулиннің енгізілуін дереу тоқтату үшін Глюкозаның төмен деңгейінде инсулиннің берілуін тоқтату4 қызметімен жалғыз инсулин помпасы болып табылады. Бұл Сіздегі және Сіздің балаңыздағы гипогликемиямен байланысты мазасызданудан және қорқыныштан іс жүзінде құтылуға көмектеседі, бұл әсіресе, балаларға қолдану кезінде ерекше маңызды.